Популярные темы

Ninety one әншісі Желідегі қауесетке қатысты пікір білдірді 06 декабря 2021, 12:56

Дата: 06 декабря 2021 в 13:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ninety one әншісі Желідегі қауесетке қатысты пікір білдірді
                06 декабря 2021, 12:56
Стоковые изображения от Depositphotos

Ninety one тобының мүшесі Дулат Мұхаметқалиев (ZAQ) топтың «соңғы концерті» туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Желіде Ninety One мен «Орда» тобының 26 желтоқсанда болатын кеші «соңғы концерт» деген қауесет тараған болатын. Дулат Мұхаметқали Нұржан Еркінұлының «КӨЗТИЕД» подкастында осы қауесетке қатысты пікір білдірді. 

«Келісімшарт 1,5 жылда бітеді демекші, соңғы концерт деп кетті. Бірақ ол негізі соңғы емес. Яғни біздің Америкаға кетуіміз «кетті, болды, жоқ болып кетті» деген әңгіме емес. Керісінше, дамудың бір түрі ғой. Соны адамдар дұрыс емес түсініп қалыпты. Бірақ, шыны керек, жұмыс ары қарай қалай болатыны ешкімге мәлім емес. Сонда да қойып кету деген жоқ», — деді Дулат.

Сонымен қатар, рэпер топтан кетуі туралы сұраққа жауап берді. 

«Кету жайлы айтатын болсақ, менде жеке кету деген ой ешқашан болған емес. Себебі бізде ол басынан белгілі болды, яғни жеке айналысқың келсе, Ерболат аға «екеуіміз бір келісімге келеміз, керісінше, маған қосымша тағы бір нәрсе бастағаның керек. Даму керек, контент көбейеді» деді. Топпен бере алмайтын нәрсені өзің бере алуың мүмкін. Шығармашылық жағынан Ерболат аға шектеу қоймайтын», — дейді топ мүшесі.  

Еске салайық, Ninety one — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, бүгінде 4 мемберден тұратын қазақстандық топ. Бас продюсері — «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями