Популярные темы

2021 жылы қызметтен кеткен лауазымды тұлғалар 30 декабря 2021, 16:30

Дата: 30 декабря 2021 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


2021 жылы қызметтен кеткен лауазымды тұлғалар
                30 декабря 2021, 16:30
Стоковые изображения от Depositphotos

2021 жылы қазақстандықтар қызу талқылаған оқиғалар болды. Қызметтен кеткен, қызметі ауысқан лауазымды тұлғалар ел назарында болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл талқыға түскен қызметтен кету оқиғаларын еске түсіреді. 

Алексей Цой

Фото: primeminister.kz

20 желтоқсанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті. Бұл желіде қызу талқыға түсті. Себебі бұған дейін қазақстандықтар Цойдың министр ретіндегі қызметін бірнеше рет сынға алған. Вакцинация басталғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та министрге ескерту жасаған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цой басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлаған.

Ал Цойдың өзі ел басшылығына, Үкіметтегі әріптестеріее, Денсаулық сақтау министрлігіне, азаматтық секторға, БАҚ-қа, еріктілерге алғыс айтып, еңбек жолының жаңа векторына ауысатынын мәлімдеген. 

Жандарбек Бекшин

Фото:gov.kz

Бірнеше күннен кейін пандемия басталғалы ел назарында болған Жандарбек Бекшин де қызметінен кетті. Бекшиннің былтыр «наконец-то» деген сөзі желіде мемге айналған еді. Содан бері оның көп сөзі желіде қызу талқыланған. 

Бекшин кейінгі 1,5 жылын Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігері ретінде өткізді.

«Туған күнінен бастап зейнет демалысына шығады», — деді Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабулов.

Бекшин қазір еңбек демалысында, ал 5 қаңтардан бастап ол зейнетке шығады. Бір аптадан соң ол 64 жасқа толады.

Бекболат Тілеухан

Фото: parlam.kz

Кешеден бері қазақстандықтар Бекболат Тілеуханды талқылап жатыр. Ол депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын. Бұған депутаттың өзі өтініш берген. 

«Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес», — дейді ол. 

Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған оған Орта Азия этноспорт комитетін басқаруға ұсыныс жасаған. Қазір Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын айтты. 

Кейін Желіде Бекболат Тілеуханның кулуардағы видеосы тарады. Журналист Айнұр Коскина Тілеуханға ұнамайтын сұрақ қойғаны үшін экс-депутат штативін сындырып, басынан ұрғанын айтқан болатын. 

Амандық Баталов

Фото: Амандық Баталовтың Facebook-парақшасы 

Сонымен қатар, биыл Алматы облысының әкімі ауысты. Қарашада Амандық Баталов қызметінен кетуі талқыға түсті. Себебі Амандық Баталов кейінгі жеті жыл бойы Алматы облысын басқарған.

Амандық Баталов қазір 69 жаста. 

Бұл ауыс-түйіске желідегілердің назарын аударуына Алматы облысының әкімі болып экс-министр Қанат Бозымбаев тағайындалуы да себеп болды. 

Нұрлан Ермекбаев

Фото:gov.kz

Биыл жаз соңында Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі қызметінен босатылған. Себебі 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде жарылыс болған еді. Жойқын жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқан болатын. 

Көп ұзамай қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін айтқан. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады», — деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Ахметжан Есімов

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл қызу талқыға түскен тағы бір оқиға — Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» басшысы қызметінен кетуі. Есімов биыл наурызда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымынан кетті.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Есімовтің басшылығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өткен.

Есімов «Самұрық-Қазына» қорын 2017 жылдың желтоқсанынан бастап басқарған болатын. 

Сапархан Омаров

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сапархан Омаровтың да отставкаға кетуін Қазнет қолданушылары талқыға түсірді. Себебі Омаров ауыл шаруашылығы министрі болып тұрған тұста Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде құрғақшылық салдарынан мал қырылған болатын. Мал азығы қымбаттап, Желіде жануарлар картон қағазын жеп жатқаны түсірілген суреттер тараған. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев министрді сынға алған еді.  

«Мұндай қиын жағдайда министрлік шұғыл және батыл шаралар қабылдауы керек еді. Алайда министрлік қажетті жұмысты уақытында жүргізе алмады. Сондықтан министр Сапархан Омаров отставкаға кетсе, дұрыс болады деп санаймын», — деді Президент 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сол күні Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен кеткен. Ол бұл қызметте екі жылдан аса жұмыс істеді. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями