Популярные темы

«Бұл — кәсіби қарақшылардың ісі». Тоқаев қаңтардағы оқиғалар туралы пікір білдірді 17 февраля 2022, 20:38

Дата: 17 февраля 2022 в 20:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде шыққан арандатушылар мен қарақшылардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әрине, бастапқыда бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, тіпті, наразылықтарын білдірді. Шынын айтсақ, әуелде ешқандай қирату, қылмыстық әрекеттер болған жоқ. Бірақ, жағдай кейін мүлдем басқа арнаға бұрылып кетті. Арандатушылар мен қарақшылар пайда болды. Олардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болды.

Бір сөзбен айтқанда, соңына қарай алаңға нағыз лаңкестер шықты. Бүлікшілер мыңдаған қару-жарақты ұрлап кетті. Қазіргі уақытта полиция оларды іздеп жатыр. Әзірге түгелдей табылған жоқ. Бұзақылар сол қарудан тағы да адам атуы әбден мүмкін. Сонда мұны кім істеді деген сұрақ туады? Кім жасады? Бейбіт шеруге шыққандар ма? Шын мәнінде, бұл – кәсіби қарақшылардың ісі», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы жағдайды өздерінің жеке мүддесіне пайдаланғысы келген адамдар төңкеріс жасауға талпынғанын да айтты.

«Бұл оқиғаны ел ішінде әртүрлі атап жүргенін білемін. Қалай болғанда да біз қаралы, қасіретті күндерді бастан өткердік. Оны мойындауымыз керек. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде көптеген сынаққа тап болдық, оның бәрін ел болып еңсердік. Бірақ, дәл осындай қарақшылардың қатігез әрекетін көрген жоқпыз. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опасыздыққа бармайды. Бұл – анық нәрсе.

Ашығын айту керек, жағдайды өздерінің жеке мүддесіне пайдаланғысы келген адамдар төңкеріс жасауға талпынды. Француз тілінде осындай әрекетті coup d’etat деп айтады. Бұл – төңкеріс деген сөз. Елдігімізге, мемлекеттік тұтастығымызға, халқымыздың қауіпсіздігіне қарсы жасалған әрекет болды. Әрине, халыққа әлі де көп нәрсе түсініксіз. Қарапайым азаматтар өздерінің сүйікті қаласын өз қолымен қиратпайтыны белгілі. Қарақшылар, лаңкестер Алматыға сырттан келді. Мақсат белгілі: кісі өлтіру, қорқыту, дүкендерді тонау, әйелдерді зорлау, ақыр соңында билікті құлату», — деді Президент.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Хабар 24» телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент қаңтар оқиғалары туралы сұрақтарға жауап беріп, ескертусіз ату туралы бұйрық, Интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін түсіндірген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалау, қазақстандық олигархтар туралы ойын айтты. Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін де мәлімдеді. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями