Стоковые изображения от Depositphotos
21 ақпанда Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі республикалармен достық және ынтымақтастық туралы шарттарды ратификациялады. Алайда 23 ақпанда жағдай шиеленісе түсті. Украина мен Ресей арасындағы жағдай туралы қазірге дейін не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі оқиға хронологиясын жасады.
23 ақпан: Украинада төтенше жағдай енгізілді
УНИАН мәліметінше, кеше, да Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс хатшысы Алексей Данилов елдің барлық аймағында төтенше жағдай режимі енгізілетінін мәлімдеді. Даниловтың сөзінше, төтенше жағдай режимі 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда Украина президенті оны тағы 30 күнге соза алады. Алексей Данилов төтенше жағдайдың жариялануы украиналықтардың өміріне «түбегейлі» әсер етпейтінін атап өтті.
Яғни бұл қоғамдық тәртіп пен нысандарды күзету, кейбір қоғамдық көліктің қозғалысының шектелуі болуы мүмкін. Одан бөлек, кебір адамдардың құжатын тексеруі мүмкін. Даниловтың сөзінше, коменданттық сағат қажет болған жағдайда, Ресей тарапынан агрессия күшейген жағдайда кейбір аймақтарда жариялануы мүмкін.
23 ақпан: Зеленский запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Сол күні Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан әскери қауіптің артуына байланысты запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
«Мен ерекше кезеңде запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Біз Украина армиясының жедел ортадағы барлық мүмкін өзгеріске дайындығын арттыруымыз керек», — деді Зеленский үндеуінде.
Украина басшысы жалпы мобилизацияны жариялаудың қажеттілігі жоғын атап өтті.
23 ақпан: Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін үш шартты атады
Путиннің сөзінше, біріншіден, Севастополь мен Қырымда тұратын адамдардың ерік-жігерін тану. Екінішіден, Ресей Украинаның НАТО құрамына кіруіне қарсы. Себебі, РФ басшысының сөзінше, бұл Ресей үшін қауіпті.
«Үшіншіден, бұл енді өзекті емес, бірақ Донбасстағы проблеманы бейбіт жолмен, келіссөздер мен Минск келісімі арқылы шешу керек», — деді Путин.
23 ақпан: Трамп ДХР мен ЛХР тәуелсіздігі туралы пікір білдірді
Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп The Clay Travis and Buck Sexton Show подкастында пікір білдірді. Оның сөзінше, Трамп президент болып қалғанында мұндай жағдай болмас еді. Экс-президент Путинді жақсы танитынын, олардың қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.
«Мен оған ұнайтынмын, ол да маған ұнайтын. Ол өзін елін жақсы көреді, түсінесіз ба? (...) Ол Украинаны қалайтынын үнемі білетінмін. Бұл туралы онымен сөйлескен болатынмын. Мен оған: «Сен бұлай жасай алмайсың. Сен олай жасамайсың» деп айтатынмын. Бірақ соны қалап тұрғанын білетінмін. (...) Біз ол туралы кеңірек сөйлескенбіз», — деді ол.
23 ақпан: Ердоған Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Екі ел басшылары Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Ердоған Түркия Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған қадамдарды мойындамайтынын және бұл Анкараның түбегейлі ұстанымы екенін айтты. Түркия басшысы нәтижелерге Минск келісімдері негізінде қол жеткізу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бар проблемалардың күрделенуі, әсіресе әскери қақтығыс ешкімге пайда әкелмейді.
24 ақпан: Украина премьері Кремльдің Қырым мен НАТО туралы талабына жауап берді
Украина премьер-министрі Деис Шмыгаль РФ басшысы Владимир Путиннің талаптарына қатысты жауап берді.
«Украина тәуелсіз, егемен ел ретінде және мен, еліміздің премьер-министрі ретінде бұл мүмкін емес. Талаптардың көбі — бұл шарт, ол ультиматум емес, Путин айтқан шарттар», — деді Шмыгаль ICTV телеарнасындағы «Свобода слова» бағдарламасында.
24 ақпан: Зеленский ресейліктерге үндеу жасады
Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады. Зеленский Украина халқы бейбітшілікті қалайды деп сендірді және ресейліктерден соғысқысы келе ме деп сұрады. Мәлімдеменің толық мәтінін «Украинская правда» жариялады.
«Бүгін мен Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесуге бастамашы болдым. Нәтижесі — тыныштық. Тыныштық Донбасста болуы керек. Сондықтан бүгін мен Ресейдің барлық азаматына жүгінгім келеді. Президент ретінде емес, мен Ресей азаматтарына Украина азаматы ретінде жүгінемін. Сіз бен бізді екі мың шақырымнан астам ортақ шекара бөліп жатыр. Оның бойында бүгінде сіздердің әскер, 200 мыңға жуық сарбаз, мыңдаған әскери көлік тұр. Сіздердің басшылық олардың басқа елдің аумағына қарай қадамын мақұлдады. Бұл қадам Еуропа құрлығындағы үлкен соғыстың бастауы болуы мүмкін.
(...) Орыстарға соғыс керек пе? Мен бұл сұраққа шынымен жауап бергім келеді. Бірақ жауап сіздерге байланысты. Ресей Федерациясының азаматтары, назарларыңызға рақмет», — деді Зеленский.
24 ақпан: Путин Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді. Путин Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоғын атап өтті. Сонымен қатар, РФ басшысы Ресейге қауіп төндіруі мүмкін ішкі күштерге үн қатты. Оның сөзінше, Ресейдің жауабы көп күттірмейді.
24 ақпан: Киев пен Харьковте атыстар естіледі
Бұл туралы CNN тілшісі тікелей эфирде хабарлады. Ол сол уақытта Харьковте болған.
Одан бөлек, украиналық БАҚ-тар Киев, Краматорск, Одесса, Харьков, Бердянск, сонымен қатар, Киевтегі Борисполь әуежайы аймағында атыс естіліп жатқанын хабарлады.
24 ақпан: Байден мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Джо Байден Украина халқы Ресей күштерінің себепсіз шабуылына ұшырағанын мәлімдеді.
«Қарапайым халықтың өліміне себеп болған шабуылдарға Ресей ғана жауапты», — деді АҚШ президенті.
Байден АҚШ одақтастарымен бірге Ресейге қарсы ұжымдық және батыл жауап беретініне сөз берді.
«Әлем Ресейді жауапқа шақырады», — деп баса айтты ол.
24 ақпан: Зеленский Украина аумағында әскери жағдай жарияланатынын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Украина басшысы Донбасста Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі видео үндеуінде мәлімдеді.
«Бүкіл ел аумағында әскери жағдай жариялаймыз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Біз тыныштық сақтаумыз қажет. Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең туғызбайық. Бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз. Өйткені біз — Украинамыз», — деді Зеленский видео үндеуінде.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)
Сондай-ақ, саясаткер Ресейді елдің әскери инфрақұрылымына соққы берді деп айыптап, Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыру туралы шешім қабылдаған.
Желіде Ресей-Украина шекарасындағы жарылыстардың видеосы тарады
Жергілікті тұрғындар Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын мәлімдеді.
Ресейдің Белгород қаласының тұрғындары жарылыс болып, жаңғырығы бүкіл қалаға естілгенін айтты. Болжам бойынша, жаппай өрт жүйесінің іске қосылуынан шыққан дыбыс. Сондай-ақ, желіде куәгерлер түсірген кадрлар пайда болды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Донецк облысындағы Украинаның Мариуполь қаласында жарылыс болғаны хабарланды.
Украинаның Сумы облысы, Краснополье ауылының тұрғындары да осындай жағдайға куә болған.
24 ақпан: Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеді
Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де мәлімдеді.
Putin has just launched a full-scale invasion of Ukraine. Peaceful Ukrainian cities are under strikes. This is a war of aggression. Ukraine will defend itself and will win. The world can and must stop Putin. The time to act is now.
— Dmytro Kuleba (@DmytroKuleba) February 24, 2022«Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл агрессив соғыс. Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді», — делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
По сообщению сайта Tengrinews