Стоковые изображения от Depositphotos
Бим өзіне қамқор болатын жаңа отбасын іздейді. Қара ала түсті бұл итке қарап, бұл атауы қайдан қойылғанын бірден аңғаруға болады. Тек мұның екі құлағы да қара болғанымен, танымал туындыдағы Бимге ұқсастығы анық аңғарылады.
«Оны шамамен бір жылдай уақыт бұрын, күшік кезінде тауып алдық. Жолда кетіп бара жатсақ, шетінде жер бауырлап жатыр. Тамақ жеуді енді-енді үйренген екен. Оған да шүкір, әйтпесе, мұнда қолмен тамақтандыру қиын. Міне, енді өсіп қалды, бір орында тыныш тауып отырмайды, өте белсенді», – дейді зооволонтер Ангелина Буянова.
ВИЗИТКА:
Аты – Бим
Жасы – бір жылдан сәл асқан
Тұқымы – белгісіз
Мінезі – ашық, қабаған емес, басқа жануарлармен сыйыса алады
Тамағы – кәдімгі иттердің тамағы, құрғақ тағам, ботқа
Адаммен ойнағанды, жүгіргенді ұнатады, балалармен жақсы тіл табысады
Ерекшелігі – піштірілмеген, белсенді, үлкен аула керек немесе жиі-жиі серуендетіп тұрған дұрыс
«Жекеменшік үйде ұстауға таптырмас ит, басқа төбеттермен тез жарасып кетеді деп ойлаймын. Мысалы, біздегі басқа иттердің қасынан шықпайды, кейде ығырын да шығарып жіберетіні бар. Әрине, белсенді жануар болған соң, асыр салып, ойнағысы келеді. Негізі, осындағы басқа итпен де бірге асырап алуға болады», – дейді Ангелина Буянова.
Осылайша Бим бір жылдан астам уақыттан бері «Пушистый ангел» мекемесінде өмір сүріп келеді. Өзінің болашақ үйіне барып, асыр салып ойнағысы келеді-ақ. Сәл шыдамсыздау мінезі де бар. Еріктілердің айтуынша, Бимді басқа иттермен бірге асырауға әбден болады. Олай болса, бұл орталықтан тағы да басқа төрт аяқты достарды қарастыруға мүмкіндік бар.
«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.
Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.
Последние новости Шымкента:
По сообщению сайта Vera.kz