Популярные темы

Семей қаласында швед суретшісінің шеберлік сабағы өтті

Дата: 24 ноября 2022 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласында швед суретшісінің  шеберлік сабағы өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде швед суретшісі, лингвист, оқытушы және арт-терапевт Александра Бергдаль-Ларссонның шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Александра Бергдаль-Ларссон нейрологиялық ерекшеліктері (афазия, деменция) және аутистік спектр диагнозы бар адамдармен арт-терапевт ретінде жұмыс істейді. Суретші ретінде ол өзінің картиналарында авангардты, абстрактілі экспрессионизмді және автоматты жазуды біріктіреді, сонымен қатар визуалды тілдер мен интерсемиотикалық аударма тақырыптарын зерттейді. Көрермендер музыканы тыңдап, оны бояу түстерін қолдана отырып, сурет бетіне түсіруге тырысты», – деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Арт-терапия – бұл психологиядағы перспективалы бағыттардың бірі, ол жақында танымал бола бастады. Бұл музыка, кескіндеме, шығармашылық арқылы адам психикасына әсер ету процесі.

Александра Семей қаласына құрылыс компаниясының басшысының шақыруымен келді. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары. Александра құрылыс нысандарының бірінде мұрал салуды жоспарлап отыр. Ал бұл үшін Қазақстанның мәдениетінен шабыт алу, дәстүрлермен, ерекшеліктермен және ең бастысы Семей қаласының тұрғындарымен танысу маңызды.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями