Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекеттік және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу бойынша жұмыс топтарының қызметі күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 5 желтоқсанында баға мониторингімен қаланың оң жағалау және сол жағалау бөліктері қамтылды.
Мониторинг жүргізу кезінде дүкен басшыларымен әулеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің белгіленген (15 %-нан аспайтын) деңгейін сақтау туралы ұсыныс жұмыстары жүргізіледі.
Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press