Стоковые изображения от Depositphotos
Павлодарда ер адам сатушыны қорқытып, 25 қымбат телефонды жымқырған, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады», − деп хабарлайды полиция департаменті.
Полиция осы факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Фото: vzsar.ru
По сообщению сайта Arna Press