Популярные темы

Өскемен тұрғыны зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті

Дата: 05 января 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өскемен тұрғыны зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскемен тұрғыны тауар жеткіземін деп зейнеткердің ақшасын алып, алдап кетті, деп хабарлайды Arnapress.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына алаяқтық әрекетінен зардап шеккен Катонқарағай ауданының 72 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен.

«Бейтаныс адам қозғалтқышты Жапониядан Новосибирскіге автокөлікпен жеткізу сылтауымен оның 235 мың теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемденіп алғаны белгілі болған. Өтінішті алғаннан кейін тәртіп сақшылары қаскөйді дереу ұстауға кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған. Ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді, онда оған келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамға екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фото: vera.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями