Стоковые изображения от Depositphotos
Facebook әлеуметтік желісінде «Жомарт-Тоқаев» есімді аккаунт пайда болды.
Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жомарт-Тоқаев» деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар. Олар Twitter-дегі @TokayevKZ парақшасы және Instagram-дағы tokayev_online парақшасы. Мемлекет басшысы Facebook желісіне тіркелмеген және ол жерде ұтыс ойынын өткізбейді». Бұл туралы StopFake.kz жазды.
Ақшалай сыйлықтар туралы уәде — алаяқтардың сүйікті тактикасы. Картаға «ұтып алған ақшаны» жіберуге уәде берген шабуылдаушылар пайдаланушылардың жеке дерегін, тіпті олардың ақшасын да ала алады.
«Төлем дерегін ұрлаудың тағы бір жолы — «халықаралық аударым» деген сылтаумен ақпарат алу. Алаяқтар ақшалай сыйлықты аудару үшін карта нөмірін ғана емес, басқа да деректерін сұрайды. Сіз ешкімге картаның жарамдылық мерзімін де, CVC-кодын да айтпауыңыз керек», — делінген хабарламада.
Сурет: pexels
По сообщению сайта Arna Press