Стоковые изображения от Depositphotos
Әскерге шақырылатын қазақстандықтар өзінің әскерден босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы мәртебесін SMS арқылы біле алды.
Жаңа функция туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.
Бағдат Мусин Instagram-парақшасында жаңа функцияның бүгін, 1 наурызда қолжетімді болғанын айтты.
«Бірнеше ай бұрын елордалық әскери комиссариаттардың біріне барып, Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарларын талқылағанбыз. Сонда көтерілген мәселелердің бірі — әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру мақсатында талап етілетін анықтамалардан арылту болатын. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет еді. Араға уақыт салып, бірлескен жұмыстың арқасында нәтижеге қолжеткіздік. Мәселен, биыл 1 наурызынан бастап азаматтар толып жатқан анықтамалар мен құжаттарды ұсынбай, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады», — деп жазды министр.
Министрдің айтуынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосқан.
«Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефондарына хабарлама ретінде жолданады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін», — делінген жазбада.
Қазірде 300 мыңнан аса әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарламалар алып үлгерген.
Фото:elements.envato.com
По сообщению сайта Arna Press