Популярные темы

Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін

Дата: 07 марта 2023 в 18:09 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

«Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады. Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды.

«Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді», – делінген хабарламада.

Қауіп жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

Суреттер: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями