Стоковые изображения от Depositphotos
Орталық ақпараты бойынша облыста туберкулез ауруын ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық фтизиопульмонология орталығында алдыңғы қатарлы BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert инновациялық лабораториялық құрал-жабдықтары орнатылған. Ал Gene-Xpert аппараты Семей қаласындағы №1 емханада, Үржар, Жарма, Аягөз аудандарының орталық ауруханаларында бар.
Облыста 2018 жылдан бастап ДДҰ ұсынған жаңа препараттарды қолдану арқылы туберкулезді емдеудің инновациялық тәсілдері енгізілуде. Жаңа және қайта бейімделген препараттар арқылы қысқа мерзімді емдеу жүйесі жақсы нәтиже көрсетіп, ауруды толық емдеуге мүмкіндік беріп отыр, деп атап өтті Сәкенов.
— Туберкулезді ерте анықтап, емдесе ауруды толығымен жоюға мүмкіндік бар. Туберкулезбен ауырған адамдар айналаға қауіп төндірмей, толыққанды өмір сүре алады. Аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу мемлекет есебінен тегін жүзеге асады. Біздің орталықта науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Науқастарға ет, балық өнімдері, қымыз секілді құнарлы тамақтар беріледі. Оқушылардың мектеп бағдарламасынан қалып қоймауы да ойластырылған. Балалар үшін әр палата компьютермен, қосымша ойын алаңдарымен жабдықталған, — деді Ерлан Сәкенов.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың екі айында туберкулездің 47 жағдайы тіркелген.
— Туберкулездің алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Жаңа туған нәресте алғашқы екпені перзентханада туған күнінен бастап алғашқы төрт күнінде алады. Абай облысы бойынша туылғандардың 95,2 пайызы вакцина алды. Екпе алудан 76 ата-ана бас тартты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда тоғыз жағдайға аз. Туберкулезге қарсы егілген балалар вакцинация алмағандарға қарағанда 15 есе аз және айтарлықтай жеңіл ауырады. Туберкулезді диагностикалаудың тағы бір әдісі – Манту сынамасы. Бұл сынама зиянсыз. Ол қауіпті топтағы 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға егіледі, — деді Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева.
Айта кетейік, облыста 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Біз туберкулезді жеңе аламыз» атты айлық өтуде. Айлық аясында мектептер мен оқу орындарында түрлі іс-шаралар, ашық есік күндері өтіп, сауда орындарында ақпараттық буклеттер таратылуда.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі, cap.ru
По сообщению сайта Arna Press