Стоковые изображения от Depositphotos
«Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
Турнир U-17 және U-23 жас топтары арасында өткізіледі. Чемпионатқа 20 команда қатысады, жалпы 1500 балуандай жиналды. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар. Бұл турнир Азия және әлем чемпионатына іріктеу.
«Жеңімпаз атанған балалар ел құрамасына кіре алады. Бұдан әрі олар Қазақстан атынан Азия және Әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Балуандардың арасында үлкен үміт артып отырған Абай облысының спортшылары да бар», — деп айтты облыстық спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов.
Жарыстың бірінші күні Абай облысының намысын қорғаған балуан Заңғар Қабылбеков өз қарсыластарын жеңіп, финалда жеңіске жетті.
«Қарсыластар мықты, жақсы дайындалған. Бірақ мен бар күшімді салып, жеңіске жете алдым. Финалда мен үшінші орын үшін күресіп, команда мен жаттықтырушылардың үмітін ақтадым», — дейді Заңғар Қабылбеков.
Чемпионат 10 күнге созылады. Айта кету керек, дейін «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде қазақ күресі мен дзюдодан чемпионаттар өткен болатын.
Сурет: Ернұр Уақасов
По сообщению сайта Arna Press