Популярные темы

Жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

Дата: 03 апреля 2023 в 14:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями