Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде бір-неше таксистті алдаған алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар «Апару», «Яндекс» және «Индрайвер» сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен, жүргізушілерді құрыққа түсіретін. Қаскөй мемлекеттік мекемелер орналасқан мекен-жайға тапсырыс беріп, жолда жүргізушілерді дүкенге тауар сатып алуды немесе теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде беретін. Алайда, қаражат абоненттік нөмірдің теңгеріміне түскен соң, алаяқ байланысқа шығуды тоқтатады.
Семей қаласында өткен аптада алаяқтықтың осы түрінің 2 фактісі тіркелді, жалпы залал сомасы 35 500 теңгені құрады.
Облыс орталығының 37 жастағы тұрғынына «Апару» таксиінің мобильдік қосымшасы арқылы өтінім келіп түскен, «клиент» тасымалдаушыға хабарласып, абонеттік нөмірін 18 000 теңге сомасына толтыруды сұрап, ақшалай қаражатты тапсырыс орындалғаннан кейін төлеймін деп уәде берген. Алайда, жәбірленуші тапсырыс берушінің өтінішін орындап қаражат шотқа түскеннен кейін, алаяқ телефонын сөндіріп тастаған, — делінген ресми хабарламада.
«Антифрауд» ЖПІШ өткізу барысында Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Екінші факт бойынша қаскөйді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Сурет: almaty.zagranitsa.com
По сообщению сайта Arna Press