Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін сағат 17: 57-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатырының өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, шақырту орнына 7 техника мен жеке құрамның 40 адамы жіберілді.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде шатырдың 800 шаршы метрін және ауданы 8 шаршы метрді құрайтын екі балконның өртеніп жатқанының куәсі болды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press