Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін Семей қаласында масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігер ұйым зиянкестерге қарсы дезинсекциялау жұмыстарын Бейбітшілік аралы мен Ескі бекініс ауданындағы өзендерде жүргізді. Арнайы химиялық заттардың көмегімен 1,2 сатыдағы масалардың ұялары жойылуда.
Жұмыстың екінші кезеңі қолайлы ауа райы жағдайында 10-12 мамыр күндері өтеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.
Екінші кезеңдегі жұмыстарды мамандандырылған дезинфекторлар тобы ыстық және суық тұман құрылғыларымен жүзеге асырады.
Дизенсекция иесіз су қоймалары мен таяз суларда жүргізіледі. Жалпы қала бойынша өңделетін аумақ 122 га құрайды
Сурет: liter.kz
По сообщению сайта Arna Press