Популярные темы

Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды

Дата: 15 мая 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады. Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 2 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды, орамадан 2 пластикалық бөтелкеде (барлығы 1 литр) спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Дәулет есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

– Сотталғандардың «қамқор» туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, қазыргі кезде тәркіленген сұйықтық сараптамалық тексеруге жіберілді, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.

 

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями