Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында күресті.
Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек. Чемпионды жеңісімен құттықтаймыз және алдағы спорттық мансабына сәттілік тілейміз! — делінген хабарламада.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press