Популярные темы

Абай облысында «Есептегі тұлға» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде

Дата: 17 мая 2023 в 14:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында
Стоковые изображения от Depositphotos

Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 15-25 мамыр аралығында «Есептегі тұлға» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді.

Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 170-ке жуық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілген сотталғандарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерделейді. Сондай-ақ сотталушылардың жақын туыстары мен көршілері олардың мінез-құлқына әсер етіп, түзетуге ықпал етуі мүмкін, — делінген хабарламада.

Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың анықталған деректері бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыларға қатысты Абай облысы Семей қаласының №2 сотына тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілетін болады.

Сурет: Семей қ. ПБ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями