Популярные темы

Алматы дәрігерлері әйелден 10 келі ісікті алып тастады

Дата: 19 мая 2023 в 23:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы дәрігерлері әйелден 10 келі ісікті алып тастады
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келді. Ісіктің көлемі ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары. Сонымен қатар, әйел тахикардия, қант диабеті, қан қысымының төмендігі және басқа да созылмалы аурулардан зардап шегіп келген.

Әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер ақылдаса келіп, ота жасау туралы шешім қабылданды.

«Бұл ота жатыр мойынын алып тастау үшін жасалды. Барлық ісіктің қалдықтары алынып тасталды. Ота екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты. Жақын арада шығаратын боламыз», — дейді гинеколог дәрігер Алиса Байназарова.

Науқас қазір орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

«20 жыл бұрын ісік пайда болды, басында кішкентай болды, кейін бұл түйіршік өсе бастады. Мен жүрегімді тексертуге барсам, олар маған жатырды тексеру керектігін айтқан болатын. Бірақ ол кезде мен мән бермедім. 2021 жылы мен коронавирус инфекциясымен ауруханаға түстім. Дәрігерлер мені толық тексерістен өткізіп, УДЗ-ге түсірді. Олар шығарылғаннан кейін мамандарға хабарласу керегін ескерткен. Бірақ мен мән бермедім. Жылдар жылжып, әдеттегідей үй шаруасымен уақыттар өте берді», — дейді әйел.

Гинеколог Алиса Байназарованың сөзінше, қазіргі уақытта жатыр ісігі кең тараған дертке айналған. Дәрігер әйел адамдар ауыр дертке шалдықпас үшін гинеколог мамандарына жиі көрініп тұруы керегін айтады.

Сурет: elements.envato.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями