Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті. Осылайша, қазақстандық шахматшы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңінде қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.
Қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева турнирлік кестеде төрт ұпаймен, жетінші-сегізінші орында тұр.
Еске сала кетейік, отандық шахматшы 7-турда бұрынғы әлем чемпионы, Швейцария өкілі Александра Костенюктен айласын асырды.
Сурет: kzchessfederation
По сообщению сайта Arna Press