Стоковые изображения от Depositphotos
Жаз мезгілінің аптап ыстығы басталысымен, семейліктер суға шомылуға асық. Алғашы демалыс күндері адамдардың суға батып кете жаздаған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама түсті.
«Ақпарат жинау барысында 1978 жылғы ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде батып бара жатқан адамды көріп, содан кейін дереу көмекке асығып, судан шығарған. Сондай-ақ, мас күйінде болған 1987 жылы туған адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткені анықталды. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды тексергеннен кейін оны Семей қаласының полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырды» — деді баспасөз қызметінде.
Екінші оқиға дәл сол күні Шүлбі кентінде болды. № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Алтынбек Әлімжанов суға батып бара жатқан баланы құтқарды.
Шүлбі кентіндегі «Жанай» демалыс базасында азаматтық қорғау кіші сержанты, суға тұншығып батып бара жатқан баланы байқады. Алтынбек ұзақ ойланбастан, көмекке жүгірді. Киімін шешпей баланың артынан суға секірді. Баланы жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық.
Абай облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.
Сурет: ТЖД баспасөз қызметі, ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press