Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қандай жалақы алатыны белглі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.
«Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз). 930 мың теңге. Қолға. Әйелім де жұмыс істейді », деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Сұхбат барысында, қала әкімінде Семейде жеке пәтері жоқ, әкімдіктен жалға берілетін үйінде тұратынын да айтты.
Сурет: видеодан скриншот
По сообщению сайта Arna Press