Стоковые изображения от Depositphotos
Алматыда бір топ жеке тұлғалар криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
«Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді» — деді ҚМА баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press