Популярные темы

Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды

Дата: 28 июля 2023 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбенің 8-шағын ауданындағы көпқабатты үйде көршілер жағымсыз иіс сезіп, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті тапты. Қазіргі уақытта сараптама жасалып жатыр.

«23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», — делінген Ақтөбе облысы полициясының Диапазонға берген хабарламасында.

Анықталғандай, пәтер иесі мұғалім болып жұмыс істейді. Ол — науқас, жалғыз тұрады. Ал баласы арасында келіп тұратын болған.

«Шыбын көбейе бастады. Өте жаман иіс шықты. Сосын полиция шақырдық. Олар келіп, бәрін қоршады. Денелерді алып кетті», — деді тұрғындар.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями