Популярные темы

Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды

Дата: 28 июля 2023 в 16:49


Абай облысында алғашқы форель шаруашылығы ашылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының Озерки ауылдық округінде Форель шаруашылығы іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл меншік иесі модульді үлгідегі үй-жай салып, балықты күтіп-баптауға арналған контейнерлер, арнайы жабдықтар сатып алған. Кәсіпкер болашақта бассейндерде форельді көбейтіп, өсіруді жоспарлап отыр», — делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Үкіметтің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет іске қосылған форель шаруашылығына Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері барып, заңнамаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары туралы түсініктеме берді.

Сурет: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями