Стоковые изображения от Depositphotos
Оқу жылы қарсаңында Семейде мектеп формасының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шара Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатымен өтіп жатыр.
«Жәрмеңке 1-6 тамыз күндері аралығында өтеді. Оған облысымыздың 5 кәсіпорыны өнімдерін ұсынып отыр. Тауар бағалары қол жетімді, сапасы жоғары», — делінген хабарламада.
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 164 «Ертіс» сауда орталығы (Тері өңдеу зауыты ауданы) Уақыты: 09.00-17.00 аралығы. Қатынайтын қоғамдық көліктер: №2, №3, №16, №22.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press