Популярные темы

Абай облысында балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді

Дата: 14 августа 2023 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді
Стоковые изображения от Depositphotos

Алдағы оқу жылында Абай облысында 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016-сы Семей қаласына тиесілі. Балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірген.

1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету «Электронды үкімет» (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ, балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями