Стоковые изображения от Depositphotos
Өскеменде психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. .
ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдеріне Өскемен қаласында психотроптық заттарды қойып кетуді жүзеге асыратын облыс орталығының тұрғынына қатысты ақпарат келіп түскен.
Осы ақпаратты тексеру барысында тәртіп сақшылары ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлінісімен бірлесіп, облыс прокуратурасының қатысуымен аталған ер адамды ұстады.
Ұсталған 20 жастағы күдікті дереу жеке тінту кезінде 12 полимерлі ұнтақ және түйіршік түріндегі зат табылып, тәркіленді. Олар сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 2 грамнан асатын мефедрон және «а-pvp» психотроптық заты екені белгілі болды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press