Популярные темы

Абай облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан үздік деп танылды

Дата: 22 августа 2023 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан үздік деп танылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарағанды қаласында 17-19 тамыз аралығында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионаты өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған еліміздің күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысты — барлығы 34 команда, 350-ден астам қатысушы бақтарын сынады.

Абай облысы Полиция департаментінің 3 санатты аға инспекторы полиция капитаны Ринат Махмутов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Ербота Нұртасов 80 кг салмақ дәрежесінде күміс, жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Бекзат Қайдаров үшінші орынға ие болып, 97 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде арқалады.

«Абай облысының Полиция департаменті спортты дамытуға, оның ішінде қоян-қолтық ұрысқа көп көңіл бөлуде. Полицейлер бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанды», деп қосты ПД баспасөз қызметінде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями