Популярные темы

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған

Дата: 05 сентября 2023 в 19:18 Категория: Новости экономики


Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық  әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді. Нәтижесінде 200 млн теңгеге жуық сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Оның 27 млн теңгесі өтелді.

Аудит қорытындысына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік, 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Мысалы, Үржар ауданының білім бөліміне қарасты «Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы» КММ-де ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Нәтижесінде 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған. Оның 19,4 млн теңге өтелуге және қайта қайтарылуға жатады. Бүгінде қайтарылуы қажет соманың қалдығы шамамен 11 млн теңге.  

Осы іске қатысты заң аясында шешім қабылдау үшін аудит материалдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.  

Абай облысы әкімдігінің ішкі аудит қызметі өңірді дамыту үшін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытында жұмысын жалғастырады.  

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями