Популярные темы

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды

Дата: 06 сентября 2023 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Кез-келген салада өз құқықтарының бұзылуына тап болған қала тұрғындары енді көмекті  Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігінен сұрай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соқтырған лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне немесе шешімдеріне шағымдана алады.

Сондай-ақ, өкілдікке қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жүгіне алады.

Омбудсмен уәкілетті органдардың функцияларын алмастырмайды, бірақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға  жәрдемдесетінін атап өткен жөн.

Облыс бойынша орталық өкілдігін Дулат Ертұғанұлы Жұмагелдин басқарады.

Өкілдік Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями