Популярные темы

Абай облысында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды

Дата: 19 сентября 2023 в 15:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Үкіметінің отырысында Абай облысының алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тозығы жеткен жылу желілерін ауыстыруға 23 млрд теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 85% орындалып, осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Облыс көлемінде жылыту маусымына 1 млн 245 тонна көмір қажет. Қазіргі уақытта өңірде ЖЭО мен жылу көздерінде 48 мың тонна көмір немесе нормативтік пайдалану қорының 181%-ы бар.  

Тұрғындар қажетті қатты отынның 34%-мен қамтамасыз етілген. Халыққа және бюджеттік ұйымдар үшін отынды уақытылы жеткізу жолдары толығымен қарастырлыған.  

Семей қаласындағы «Ғаббасов» қазандығындағы жөндеу жұмыстарын 30 қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Мұнда қуаттылығы сағатына 20 Гкал болатын қосымша №4 қазандықты орнату аяқталды, қазір іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

«№2, №3 қазандықтардың дайындығы 80%-ды құрайды және жылыту маусымының басында бұл қазандықтар дайын болады. №1 қазандық резервтік болып табылады, ол 30 қазанға дейін іске қосылады. Жылыту маусымына дайындық менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.  

Абай облысында алдағы жылыту маусымына дайындықтың жалпы процесі бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями