Популярные темы

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

Дата: 25 сентября 2023 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Айдын Мейрамбекұлы Facebook-та жеке парақшасында да жазба қалдырды.

«Қадірлі жерлестер, әріптестер! Абай облысы әкімінің Бірінші орынбасары қызметін аяқтадым. Жаңа облыстың бастау алып өркендеуіне аз уақыт болсада үлес қосқаным мен үшін үлкен мәртебе.

Осы кезеңде өңірді дамытуға бағытталған елеулі жұмыстар атқарылды. Осы жолда баршаңызға ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі қолдауларыңызға шынайы алғысымды білдіремін!

Алдағы уақытта да істеріңізге табыс тілеймін және Абай өңірі одан әрі дамып, гүлдене береді деп сенемін!»

Естеріңізге сала кетейік, Айдын Кәрімов Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 2022 жылдың маусым айынан бастап атқарған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями