Популярные темы

Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты

Дата: 03 октября 2023 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ұлттық банк қыркүйекте Ұлттық қордан неге 1155 миллион доллар сатты
Стоковые изображения от Depositphotos

Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, қыркүйек айының қорытындысы бойынша, теңге бағамының 1 АҚШ долларына қатынасы 474,99 теңгеге дейін 3,4%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 158 млн-нан 162 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте 1155 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 34%-ын және күніне 55 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын үнемі және біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді». ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банк қыркүйекте:

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 200 млн АҚШ долларын немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 6% болды;

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) активтерінің валюталық үлесін ұлғайту аясында Ұлттық Банк қыркүйекте 60 млн АҚШ долларына валюта сатып алды.

«Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенция жүргізген жоқ» — деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық Банктің алдын ала жоспарына сүйенсек:

«Ұлттық банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады», делінген хабарламада.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями