Популярные темы

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды

Дата: 03 октября 2023 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда Өзбекстан азаматтары еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтаған, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Өскеменде ғимаратты жөндеумен айналысқан.

Белгілі болғандай, шетелдіктер Қазақстанға қыркүйек айының ортасында келген, бұл ретте олардың уәкілетті орган берген еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болмаған. Жұмыс беруші шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдаған.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін өзбекстандықтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылды, оған 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда облыс аумағында «Заңсыз келуші – 2023» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Бір күннің ішінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями