Популярные темы

Пәтерге тіркеу: үй иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті ме?

Дата: 11 октября 2023 в 00:07 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Пәтерге тіркеу: үй иесі жалға алушыны тіркеуге міндетті ме?
Стоковые изображения от Depositphotos

Жалға алған пәтерге тіркеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз: мүлік иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме, уақытша тіркеудің не қажеті бар және оның болмауы жалға беруші мен тұрғындарға қалай әсер етеді? 

Қазақстанда уақытша тіркеуді тұрғылықты орны бір айдан ұзақ мерзімге ауысқанда, яғни оқу, іссапар, туысыңызға қонаққа бару немесе пәтер жалға алу секілді жағдайларда рәсімдеу қажет. Бұл бір қаладан екіншісіне қоныс аударсаңыз да, бір шаһардың басқа ауданына көшсеңіз де, бірдей талап етіледі.

Уақытша тіркелгенде тұрақты тіркелген мекенжайыңыз өзгеріссіз қалады.

Мысалы, азамат Алматыда тұрақты тіркеуде делік, бірақ Нұр-Сұлтанға жұмыс істеуге кетіп, жалға алған пәтеріне уақытша тіркеледі. Ал Алматыда тіркелген мекенжайы сол күйінде қалады. Бұл үй кезегінде тұрған немесе қандай да бір мемлекеттік бағдарламаға қатысатын тұрғындар үшін маңызды.

Халықты тұрақты немесе уақытша мекенжайы бойынша есепке алу миграциялық, құқық қорғау және салық органдары үшін аса маңызды. Жалға алған пәтерде тіркелу міндетті.
Егер үй иесі мүлкін басқа адамдарға жалға берсе, оларды тіркеуге міндеттеледі.

Уақытша тіркеуден бас тартқан мүлік иесіне алдымен ескерту жасалып, кейін 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл әрекетті бір жыл ішінде қайталаса, мемлекет қазынасына 20 АЕК( 61 260 теңге) құяды.
Тіркелмеген жалға алушылар да 7 АЕК (21 441 теңге) төлейді.

Баспана ауданы онда тіркелген адам санына еш әсер етпейді. Пәтерде немесе жер үйде қанша адамды уақытша тіркесеңіз де өз еркіңіз, тұрғын санына шектеу жоқ.

Тіркелу жылжымайтын мүлік иесінің келісімі бойынша eGov.kz сайты немесе ХҚКО-да жүзеге асады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Уақытша тіркеу жалға алушыға жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын бермейді, бірақ әлеуметтік қызмет алуға жағдай жасайды. Мысалы, жалға алушы баласын мектепке не балабақшаға беріп, емханаға тіркеле алады.

Айтпақшы, уақытша тіркелген адам тұрақты мекенжайы бойынша коммуналды төлем жасағанда ақша үнемдейді. Бұл адам басына есептелетін қоқыс шығару сияқты қызметтерге қатысты. Ол үшін басқа жерде уақытша тұрғаныңызды растайтын анықтама алып, тиісті мекемеге барасыз, онда қызмет ақысын қайта есептеп береді.

Уақытша тіркеу белгілі бір мерзімге рәсімделеді. Ең қысқасы — 3 ай, ұзағы — 1 жыл. Есептен арнайы шығудың қажеті жоқ, тіркеуден автоматты түрде шығасыз. Уақытша тіркеу бір жылға рәсімделгенмен, жалға алушы пәтер ауыстыруды қаламаса, қайта тіркеледі. Егер керісінше, тіркеу мерзімі өтпестен көшіп кетсе, ол басқа пәтерге тіркелген сәтте-ақ алғашқы пәтердегі тіркеудің күші жойылады.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями