Стоковые изображения от Depositphotos
Синоптиктер дүйсенбі, 16 қазанда Қазақстанның төрт қаласында зиянды қоспалар жоғары болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәлеметінше, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Жезқазған қалаларының тұрғындары мен қонақтарына жұмыс аптасының бірінші күнінде ауа райының қолайсыз болады.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press