Стоковые изображения от Depositphotos
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», — делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 312 мың адам.
«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге».
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press