Стоковые изображения от Depositphotos
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет үйінде өткен брифингте «Міржақып. Оян қазақ!» фильмінің прокаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Барлық дистрибьюторлық ұйымдардың өз кестесі бар. Біз мұндай көп көрермен болады деп ойлаған жоқпыз және шынымен де бір уақытты таңдаған едік. Көрермен бұл фильмді әрі қарай көруге қызығушылық танытқан соң біз оны тағы бір аптаға ұзарттық. Қазір фильм прокатта жоқ. Мен өз көрерменін күтетін басқа да фильмдер бар екенін айттым. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема жоқ деп ойлаймын».Аида Балаева
Журналист одан «Мәдениет министрі ретінде Қазақстан кинотеатрларындағы, жастар арасындағы реакцияны қалай бағалайсыз? Расында бұл фильм телеарнадан көрсетіліп қойған еді. Бірақ оны прокаттан алып тастағанда, ыңғайсыз уақытқа қойғанда билік нақты қандай белгі алды?» деп сұрады.
«Мен бұл сұрақтың астарлы себебін түсініп отырған жоқпын. Қандай реакция болуы мүмкін? Аудиторияның реакциясы мен қызығушылығы бар болғаны жақсы емес пе?! Енді біздің қазақстандық сериал өндірісіміз де сәтті шығады деген үміт бар. Бұған дейін түсіріліп жатқанның бәрі нашар деген стереотип болды. Ал енді біздің режиссерлеріміз де, продюсерлік компанияларымыз да лайық фильмдер түсіре алатынын анық айта аламыз», — деп жауап берді министр.
БАҚ өкілдері Аида Балаевадан өзіне ұнаған үш Қазақстан киносын атауды сұрады.
«Жоқ, дәл қазір оларды атай алмаймын. Олардың саны өте көп. Себебі министр ретінде кейінгі кездері фильмдерді көп көріп жүрмін. Әзірше, қандай да бір нақты артықшылықты атай алмаймын», — деп жауап берді Аида Балаева.
Сурет: qazaqstan.tv
По сообщению сайта Arna Press