Стоковые изображения от Depositphotos
Үйде аяқ астынан жарық сөніп қалса қайда жүгіну керек? Ақауды кім жояды және не себепті жарық сөнеді?
Сіздің пәтеріңізде ғана емес, бүкіл үй мен көрші ғимараттарда жарық сөніп қалса, қалаңыздағы электр энергиясын беретін компанияның диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз.
Компания атауы мен диспетчерлік қызмет нөмірін төлем түбіртегінен қарауға болады.
Астанадағы жауапты компания — «Астана-РЭК». Апатқа қатысты өтінішті 109 қызметі қабылдайды.
109 қызметі Алматы, Шымкент, Қостанай, Петропавл және басқа қалаларда да жұмыс істейді.
Негізі ол барлық коммуналдық мекеменің колл-орталықтарын біріктіреді.
109 телефоны арқылы жарық сөнуіне не себеп болғанын білуге немесе арнайы бригаданы шақыруға мүмкіндік бар.
Алматы мен Алматы облысына «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы қызмет көрсетеді. Оған 356-99-99 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Белгілі бір бөлікті электр қуатынан ажыратуға мына үш жағдай себеп болуы мүмкін:
Егер жалғыз сіз жарықсыз қалсаңыз, автоматты сөндіргіш іске қосылған болуы мүмкін. Бұл әдетте бір уақытта бірнеше қуатты электр құрылғысын қосқандықтан жүктеме шамадан тыс артып кеткенде болады.
Не істеу керек?
Екінші себеп — бүлінген электр сымы.
Не істеу керек?
Тұтас үйде, кіреберісте не бір қабатта жарық сөніп қалса, ПИК (КСК) немесе басқарушы компанияның кезекші мамандары себебін анықтап, ақауды жояды.
Ақаудың себебі пәтеріңізден тыс орналасқан болса, ешкімге ақы төлемейсіз. Мұндай жағдайлар үшін тұрғындар ай сайын төлем (ортақ мүлікке күтім жасау төлемі) жасап отырған ортақ қордан ақша бөлінеді.
Желі бүлінгенде хабарласатын телефон нөмірі кіреберіс, есік алдындағы стенд не жеделсаты сияқты көрнекі жерде жазылып тұруы керек.
По сообщению сайта Крыша