Стоковые изображения от Depositphotos
«3 күннен бері жарықсыз отырмыз». Алматы облысы Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары осылай деп редакциямызға шағым түсірді. Айтуларынша 150-ге тарта үйдің электр қуаты жалғанған жекенің қолындағы трансформатр қысымды көтере алмай істен шыққан. Салдарынан үйлерінде электр қуатына байланған жылу жүйесі де, ауыз суда жоқ. Қара суықта жылусыз қалған жұрт жарықтың мәселесін әкімдік тезірек шешіп берсе дейді. Тұрғындардың талабын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов. Мұхаметжан Түймебаев ауылының тұрғындары.
Шырын Қиябаева 3 жыл бұрын дәл осы Мұхамеджан Түймебаев ауылына көшіп келгендердің бірі. Келгелі бері көрген қорлығымыз көп дейді. Әсіресе бір өшіп, бір жанған жарық мәселесі әбден мезі еткен. Электр қуатының жоқтығынан жылу жүйесі істен шығып «балаларым ауырып қала ма» деп алаңдайды.
«3 күннен бері жарықсыз отырмыз. Электр қуаты жоқ болса жылу жүйесі, ауыз су барлығы сап тыйылады. Үйіміздің іші қара суық. Балалар кішкентай. Сабаққа суық сумен жуынып кетті. Әкімдіктің алдына талабымызды айтып талай бардық. Біз осы жерден үй салып, инфрақұрылымның барлығын қалтамыздан қаражат шығарып өзіміз жүргіздік. Үкіметтен ешқандай көмек болмады», — дейді Шырын Қиябаева.
Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов.
Даудың басы трансформатрды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өткізу үшін 50 мың теңгеден жинау керек деген Болат Бегимовтың сөзінен басталған. Трансформатрдың иесінің талабына халық қарсы болыпты. Содан кейін бұқараның жарығы жаз бойы өше беріпті.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
По сообщению сайта Tengrinews