Популярные темы

Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы шықты

Дата: 15 ноября 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, бүгін, 15 қарашада эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асып, нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан дипломаттары отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді», — делінген Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар министрлік азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайтынын мәлімдеді.

«Осы орайда Қазақстан дипломаттары Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады. Біздің барлық азаматымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды». ҚР Сыртқы істер министрлігі

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями