Стоковые изображения от Depositphotos
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893 теңге, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.
«Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды», делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан хабарында.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press