Популярные темы

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған

Дата: 16 ноября 2023 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған
Стоковые изображения от Depositphotos

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. 

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями