Стоковые изображения от Depositphotos
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.
Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы — 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге.
Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында. Мұнда орташа еңбекақы — 248 мың. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жалақы салыстырмалы түрде аз.
Табысы жоғары жұмысшылар бүгінде тау-кен және өндіріс, қаржы және сақтандыру қорлары мен кәсіби, ғылыми-техника салаларында қызмет етеді.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press