Популярные темы

Абай облысында қатты желдің салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

Дата: 11 января 2024 в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында қатты желдің салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ауа-райы қолайсыздығынан семейліктер бүгін түнде электр қуатынсыз қалып, тіпті кейбіреулердің үйлері шатырсыз қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Апат Семей қаласында, Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарында тіркелді. Үзілген сәттен бастап, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан авариялық қызметтер, сол үзілген желілерді, электроэнергияны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп 1-1,5 сағаттың ішінде қалпына келтірді», — деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов.

Қазіргі уақытта барлығы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.  

Айта кетерлігі қатты желдің салдарынан Ерназар ауылы мен Семей қаласында жеке үйлердің шатыры ұшып кеткен. Ал Бесқарағай ауданында мемлекеттік мекеменің шатыры жұлынып қалды.

«Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданындағы мемлекеттік мекемеде желдің салдарынан орын алған жағдай бойынша комиссия құрылып, қанша зақым келгенін есептеп, сараптама жүргізіледі», деп қосты  Жандос Қайырханов.

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Сурет: ашық дереккөздерден, Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями