Стоковые изображения от Depositphotos
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қазақстандықтарды үрейленбеуге шақырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр 23 қаңтарда түнгі сағат 00.09-де эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғызстан және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелгенін атап өтті.
«Сағат 07.00-дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (00.09 сағат, 00.42 және 01.36 сағат). Олар Алматы қаласында – 5, Шымкент қаласында – 2, Жамбыл облысында — 2-3 және Жетісу облысында — 4 балл болып сезілді. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстар бұзылмаған», — деді Сырым Шәріпханов.
Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінде республикалық жедел штаб ашылған.
«Осындай штабтар аумақтарда жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды. Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын», — деді министр.
Министрдің айтуынша, жақын маңдағы пункттер туралы мәліметтер 2ГИС платформасында және көпқабатты үйлердің кіреберістерінде ақпараттық QR белгілері орналастырылған.
«Сейсмикалық болжау комиссиясының отырысына сәйкес, Алматы аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық нысандардың ықтимал қирауына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді ол.
Министр Қазақстан халқына үндеу жасады.
«Өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймын. ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламаларын тіркейді және дереу шығады. Сонымен қатар, халық арасында жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кең үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қауіп жоқ өңірлердің күштері мен құралдары да ықтимал төтенше жағдай аймағына жұмылдыруға дайын», — деп қорытындылады Шәріпханов.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press